Жаңалықтар

Н.Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде “Сенім — ең мықты терапия” атты апталық аясында 26 қыркүйек күні 6-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында «Қарым-қатынас – Ішкі Күштің Көзі» тақырыбында қызықты іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шарада оқушылар

тиімді қарым-қатынастың адам өміріндегі рөлін танып біліп, өз ойларын ашық айтуға, тындау мәдениетін дамытуға үйренді. Сондай-ақ достарымкн және отбасымен арадағы сенімділікті нығайтудың маңыздылығын түсінді.

Сынып оқушылары бір-бірімен пікір алмасып, әртүрлі ойындар мен жаттығулар арқылы ынтымақтастықтың, өзара түсіністіктің және жанашырлықтың адамның ішкі күшін қалай арттыратынын сезінді.

Мұндай іс-шаралар балаларымыздың тек білімді болып қана қоймай, әлеуметтік дағдыларын дамытуға, өзіне деген сенімділігін арттыруға зор мүмкіндік береді. Олардың болашақта табысты, толыққанды тұлға болып қалыптасуына қазірден бастап негіз қаланады.


*Нәзір Төреқұлов атындағы IT-мектеп-лицейінде* бүгін ерекше тәрбиелік маңызы бар іс-шара өтті.

🧒👧 *7-сынып оқушылары* «Сенім – ең мықты терапия» апталығы аясында *»Қарым-қатынас – ішкі күштің көзі»* тақырыбындағы кездесуге қатысты.

🔹 Оқушылар бір-біріне жылы сөздер арнап, сенім мен түсіністікке негізделген түрлі жаттығулар орындады.

🔹 Бұл шара балалардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, мейірімділік, құрмет пен бірлік сезімдерін оятты.

🔹 Оқушылардың жүзіндегі күлкі мен шынайы эмоциялар – осындай тәрбиелік сағаттардың маңызды нәтижесі.

🌟 Мұндай іс-шаралар оқушылардың тұлғалық дамуына, сенімді орта қалыптастыруға және рухани қолдау алуға үлкен септігін тигізеді.

🫶 *Сеніммен өмір сүретін ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!*


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде 2025 жылы 22 қыркүйек күні «Жер сілкінісі ( сейсмологиялық) жағдай кезінде оқушылардың, тұрақты құрамының іс-әрекеті» тақырыбында сесмологиялық оқу-жаттығулары өткізілді.

Мақсаты:

— қызметкерлердің, балалардың қауіпсіздігін сақтау;

— жалпы — оқу орнында жер сілкінісі жағдайында қызметкерлер мен оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде жедел қимыл іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Оқу жаттығу барысында, жер сілкіну жағдайы кезінде қорғану және эвакуациялық жаттығу жұмыстары жүргізілді,


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде 2025 жылы 18 қыркүйек күні «Күзгі шақыру науқаны» медия жобасы аясында «Ұранды елдің- ұрпағы қайсар» тақырыбында 10 сынып оқушылары мен әскер қызметкерлері және осы әскери қызмет саласының ардагерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге Созақ аудандық Қорғаныс істер бөлімі бастығының орынбасыры майор Алжанов Ерғали Абдижалилович және Қорғаныс саласының ардагері майор Маймақов Ермек Сұлубекұлы қатысты.

Мақсаты:

— жас ұрпаққа әскердің қоғамдағы рөлі мен мемлекет қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіндіру;

— Қайсар жауынгерлердің ерлігі мен батылдығын үлгі ету, оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

— Отанын, жерін, елін қорғайтын, жауапкершілікті сезінетін жас ұрпақты қалыптастыру;

Кездесу барысында қонақтар, оқушыларға әскери қызметтің қыр-сыры мен маңыздылығы туралы түсіндіріп, ел қорғау — әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің арнайы әскери оқу орындары туралы бейнеролик көрсетілімі ұсынылды.


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп -лицейінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы әзірленген бейнематериалдар мектеп оқушылары арасында кеңінен насихатталуда.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру, жастарды теріс идеологиялық ықпалдан қорғау және қоғамда бейбітшілік пен келісім құндылықтарын нығайту болып табылады.


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде 10 қыркүйек күні Тілдер мерекесіне орай «Тіл — асыл қазынам, адал ұрпаққа аманатым» тақырыбындағы онкүндік іс шара аясында 5-7 сынып оқушылары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушыларға ана тілінің көркемдігі мен байлығын ұғындыру, өз халқын, тілін қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында қысқа метражды кино, тіл туралы бейнебаяндар көрсетілді. Домбырашы қыздар күй тартып, байқауға қатысушы оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар 3 тілде — қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде өлең оқыды. Байқау соңында әділқазыларға сөз беріліп, үздік деп танылған оқушылар марапатталды.


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың 10 қыркүйек күні Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Мектеп пен отбасы – бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесіне жауапты тараптардың бірлескен жұмысын жүйелеу.

Іс-шараға мектеп-лицей директоры Асқанбекова Айгүл Созақбайқызы, ата-аналар кеңесінің төрағасы Серік Жолдас, «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы Б.Жандаулетов, кеңес мүшелері Ира Назарова мен Асхат Жұманалиев, сондай-ақ аудандық «Отбасын қолдау» орталығының психолог мамандары Құралай Ыдырысова мен Жазира Серікова, Созақ аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция лейтенанты Төлбасиев Мақсат Жұматұлы, 1–11 сыныптың ата-аналары мен ұстаздар қатысты.

📌 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

2025-2026 оқу жылында атқарылатын жұмыстардың басты ерекшеліктері;

Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру жолдары;

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының таныстырылымы;

Отбасы құндылықтары және тәрбие саласындағы өзекті мәселелер;

Құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары;

Балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстар;

2025-2026 оқу жылына арналған ата-аналар кеңесінің жаңа құрамын бекіту.

Жиын барысында 2024-2025 оқу жылындағы мектеп жетістіктерін қамтыған бейнеролик ұсынылды. Сонымен қатар, психолог мамандар ата-аналармен психологиялық тренингтер өткізіп, өзара кері байланыс орнатты. Сұрақ-жауап алаңында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, құқық бұзушылықтың алдын-алу және балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында, 2025 жылы 4 қыркүйек күні Созақ АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б.Төлегеннің қатысуымен 8-11 сынып оқушыларына балалардың қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын — алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмысы барысында құқық бұзушылықтың алдын-алу, беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу керектігі туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің мопед, мотоцикл мен электр скутерлерді басқаруға болмайтынын қатаң ескертіп айтты. Осы орайда мотокөліктерді басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан электроскутер, мопед, мотоцикл тізгіндеушілердің өмірі мен денсаулығына нұқсан келіп жатқанын нақтылап айтып оқушыларға түсіндірді.


Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде 2025 жылы 2 қыркүйек күні 1-11 сыныптар бойынша «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты:

— Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сынып сағаттарының өту барысы:

— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды;

— Қазақстанның жерінің кеңдігі, табиғи байлығы, табиғаты және шаруашылығы туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.

— Қазақстан халқы туралы және әлеуметтік, экономикалық жағдайлары бойынша сұрақ-жауап жүргізіліп, оқушылармен кері байланыс жасалды.

— Соңғы 10 минут балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Жеке қауіпсіздік» сабағы өткізілді.


Жол қауіпсіздігі. Полиция және балалар туралы ақпарат 🚦

Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп- лицейінде 1 — қыркүйек білім күніне орай өткізілген іс шараға арнайы келген Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция подпалковнигі Ғ.Құрманбеков, полиция майоры А.Манапова мектеп инспекторы Д.Тамабайұлы, әкелер мектебінің төрағасы Б.Шотұлы мектеп жиынынан соң арнайы 1 сынып оқушыларының дәрісханаларына кіріп оқушыларға жол қауіпсіздігі, жол ережелері мен балаларға берілген суреттері боятып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға көшеде өзін қалай ұстау керек екені айтылды.

-Жолды тек жаяу жүргінші жолымен өту керек.

-Бағдаршамның жасыл шамы жанғанда ғана жүру қажет.

-Қызыл шам жанғанда тоқтап, күту керек.

-Көшеде ойнауға болмайды.

Мектепке немесе үйге барарда әрқашан абай болып, жолда жүру ережесін қатаң сақтау керегін айтып түсіндірді.