Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің тарихы
Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап, 3 қабатты 1266 оқушыға арналған жаңа ғимаратта жұмысын бастаған.
Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №110 қаулысы бойынша «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шолаққорған» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, қайта құрылған (Лицензияның № KZ96LAA00016224).
Мектептің алғашқы директоры болып Б.Тұрғанбаев жұмыс жасаса, 2007- 2009 жылдары мектеп директоры қызметін Т.Жұмағұлбаев, 2009-2012 жылдары мектеп директоры болып Б.Қордашбеков, 2013-2023 жылдар аралығында Г.Алимбекова, 2023-2024 жылдары М.Байс қызмет атқарды.
2024 жылдың қазан айынан бастап Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде А.Асқанбекова мектеп директоры болып абыроймен қызмет атқарып келеді.
А.Асқанбекова ұжым қызметкерлері, мұғалімдердің білімін жетілдіру, әдістемелік шеберліктерін шыңдау, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту, кабинеттерді бүгінгі заман талаптарына сай жабдықтау, жаңа оқыту технологияларын тиімді ендіру мәселелеріне үнемі қолдау көрсетіп, өзінің ұшқыр ойы, басшыға тән ерекше қасиетімен танылып келеді.
Қазіргі таңда мектеп жалпы орта білім береді. Негізгі оқыту тілі – қазақ тілі. Жылыту жүйесі жеке қазандық, 58 дәрісхана, 3 компьютер кабинеті, 2 химия кабинеті, 1 физика кабинеті, 1 биология кабинеті, 1 СТЭМ кабинеті, робототехника кабинеті, спорт алаңы, 2 спорт залы, 1 акт залы, 1 асхана жұмыс жасайды.
Мектепте 186 педагог кадр жұмыс жасайды. Олардың 185-і жоғары, арнаулы орта білімділер 1-еу, педагог-зерттеуші-66, педагог-сарапшы-25, педагог-модератор- 47, педагог-48.
2025–2026 оқу жылында мектепте 1-11 сыныптарда 1445 оқушы, дайындық тобында 94, 1–4 сыныпта 565, 5–9 сыныпта 676, 10-11 сыныпта 204 оқушы білім алуда.
Мектеп ұстаздары мен оқушылар аудандық, облыстық, республикалық түрлі білім сайыстарының, ғылыми жобалар жарыстарының, олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Мектептің мәжіліс залында білім алушылар мен мұғалімдер үшін түрлі мектепішілік, аудандық, облыстық пікірсайыс ойындары, дөңгелек үстелдер, семиналарлар, конференциялар өткізіліп тұрады. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында мектепте баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, теннис, шахмат, дойбы және сурет салу шеберлігі, шешендік өнер, ақпараттық технологиялар бойынша пәндік үйірмелер жұмыс жүргізеді.
Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі 2006 жылы «Білім ұясы: Таңдаулы мектеп – 2006» облыстық байқауында БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Астана қаласында өткен «Білім ұясы» ІІ республикалық конкурсынан «Үздік мектеп» номинациясына ие болды.
2006 жылы республикалық педагогикалық коференцияда «Ең үздік мектеп медиатекасы» номинациясы бойынша 1 орын алды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыстың руханият – ағарту саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2006 жылдың «Ең үздік мектебі» болып танылып, алтын қыран белгісімен марапатталды. Облыстық «Tаңдаулы мектеп кітапханасы – 2006» байқауының бас жүлде иегері атанса, 2007 жылы Астана қаласында өткен «Білім және ғылым ХХІ ғасырда» атты Халықаралық Қазақстандық көрмеге қатысып, жаңа ақпараттық технология негізінде білім беру мен дамытуға байланысты электронды кітапхана арнайы дипломмен марапатталды.
2006 жыл. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыстың руханият – ағарту саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2006 жылдың «Ең үздік мектебі» болып танылып, Алтын қыран белгісімен марапатталды.
2006 жыл.Облыстық «Tаңдаулы мектеп кітапханасы – 2006» байқауының бас жүлде иегері
2007 жыл. Астана қаласында өткен «Білім және ғылым ХХІ ғасырда» атты Халықаралық Қазақстандық көрмеге қатысып, жаңа ақпараттық технология негізінде білім беру мен дамытуға байланысты электронды кітапхана арнайы дипломмен марапатталды.
2007 жыл. 2006-2007 оқу жылында ҰБТ қортындысы бойынша «Үздік 100 мектептің» қатарына енді.
2010-2022 жылдар аралығында мектеп-лицей оқушылар арасындағы спартакиада мен ұлттық мектеп лигасы жарыстарында жоғары орындардан көрініп келді.
2022 жылы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық сайысты мектеп-лицей Республикалық сайыста Түркістан облысының атынан қатысып, жалпы нәтижеде 1 орынды иеленді.



