Электронды кітаптар

«Араша» — Торғын Жолдасбекқызының кітабы

Кітап 2020 жылы шығарылған. Ол публицистика жанрында жазылған, 232 беттен тұрады. Автордың басқа жазушылардан ерекшелігі осы, ол шығармасындағы сан қилы тағдырды, әр түрлі оқиғаны бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеп отырады.

«Тастамашы, ана» — Айгиз Баймұхаметовтің ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдыры

Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп, бақытты аялауда үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады. Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған.

«Абай жолы» — Мұхтар Әуезовтың тарихи-өмірбаяндық романы

Роман әр жылдары бірнеше кітап ретінде жарыққа шықты. Алғашқы кітап 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Төртінші кітабы 1952 (кейде 1954) жылы, ал төртінші 1956 жылы шықты. 

«Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. Роман дүние жүзі халықтарының 30 тіліне аударылды.

«Дайағашшы» — Ұларбек Нұрғалымұлының кітабы

Кітап – адамның жанын байытып, рухани азық беретін құрал. «Адам кітап оқуын тоқтатқан күні, ойлауын да тоқтатады» деген ұлағатты сөз бар. Жақында қазіргі жастарымыз қандай кітап оқитынын білу мақсатында сауалнама жүргізген едік. Сауалнама барысында жастардың көбі кітап оқымайтыны белгілі болды, оқыған күннің өзінде шетелдің психология, мотивация тақырыптарынан әрі аспайды.

«Тағдыр» – Қабдеш Жұмаділов кітабы

Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең — екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады.